Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 17.10.2017 № 26 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 19 шілдедегі №14-01/179 ұсынысы негізінде Алтықарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алтықарасу ауылдық округінің Тасбаз қыстағындағы "Сейтзада" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алтықарасу ауылдық округінің әкімі: | М. Шуиншалин |