Шектеу іс-шараларын алу және Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 24 тамыздағы № 9 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 17 қазандағы № 26 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 қазанда № 5682 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 04 шілдедегі № 14-01/1/186 ұсынысы негізінде Алтықарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алтықарасу ауылдық округінің Тасбаз қыстағындағы "Сейтзада" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 24 тамыздағы № 9 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5046 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қыркүйектегі "Темір" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алтықарасу ауылдық округінің әкімі м.а. С. Төлеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады