Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 06 қыркүйектегі № ВО 3-4/134 ұсынысы негізінде Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Ұсақ мүйізді малдарының арасынан пастереллез ауруының анықталуына байланысты Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің Қаратал ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі |
А. Мубараков |