1. Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің Қаратал ауылы аумағында ұсақ мүйізді малдарының арасынан пастереллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық - санитарлық іс – шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 11 "Шектеу іс –шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5107 болып тіркелген, 2016 жылы 3 қарашада "Ойыл" газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі | А. Мубараков |