Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 тамыздағы "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 341 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 18 наурызда № 3755 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 08 ақпандағы № 45 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 08.02.2017 № 45 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына, "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 39 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 тамыздағы "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 341 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылы 11 қыркүйекте № 3402 тіркелген, 2015 жылғы 3 қарашадағы № 18112 "Жетісу" және 2015 жылғы 3 қарашадағы № 17061 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген регламенттерде:
      бүкіл мәтін бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Орталық)" сөздері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)" сөздеріне, "халыққа қызмет көрсету орталығымен" сөздері "Мемлекеттік корпорациямен" сөздеріне, "Орталық" сөзі "Мемлекеттік корпорация" сөздеріне, "Орталыққа" сөзі "Мемлекеттік корпорацияға" сөздеріне, "Орталықтың" сөзі "Мемлекеттік корпорацияның" сөздеріне ауыстырылсын.
      2. "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары М. Бигелдиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы облысының әкімі А. Баталов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады