"Тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 77 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 574 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 6 желтоқсанда № 4027 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 302 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы әкімдігінің 28.06.2018 № 302 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

     
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-6), 12-7) тармақшаларына және "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығымен бекітілген, Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы "Тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 3 наурызында № 3742 тіркелген, "Жетісу" газетінде 2016 жылдың 10 наурызында № 30 және "Огни Алатау" газетінде 2016 жылдың 10 наурызында № 30 жарияланған) № 77 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2.. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет – ресурста және облыс әкімдігінің интернет – ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысы әкімінің
      міндетін атқарушы Л. Тұрлашов

  Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы "24" қараша №574 қаулысына қосымша
  Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 77 қаулысымен бекітілген

Тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері

Ауылшаруашылық өнімнің атауы

Тереңдете қайта өңделген өнімдердің атауы

Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, теңге/литр (теңге/килограмм)

Қант қызылшасы

Қант

9,0
 

Сүт

Сары май

12,0
 

Сүт

Қатты ірімшік

20,0
 

Сүт

Құрғақ сүт (қаймағы алынбаған, майсыздандырылған)

15,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады