Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 26.06.2018 № 26-167 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде, Текелі қаласы бойынша жер салығының мөлшерлемелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 379, 381, 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 20 пайызға жоғарылатылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекетік кірістер департаментінің Текелі қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Қ. Д. Нұрғалиев) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының "Бюджет және экономика мәселесі бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім 2017 жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Текелі қалалық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | В. Стрельцов |
Текелі қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Н. Калиновский |
Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 27 қазандағы "Текелі қаласы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" № 8-44 шешіміне келісімі