Алакөл ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 ақпандағы № 21 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 08 ақпанда № 3693 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 шілдедегі № 169 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 21.07.2020 № 169 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылдың 28 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасының Конститутциялық заңының 28- бабының 6-тармағына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алакөл аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Алакөл аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Сүлейменов Марат Бекбосынұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімде баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Меңлібаева Салтанат Дәулетханқызына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ә. Жақанбаев

  Алакөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "02" ақпан "Алакөл ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" № 21 қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      1. Үшарал қалалық округі бойынша:
      1) Үшарал қаласы, Бөгенбай батыр көшесі № 148, шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алакөл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимараты жанындағы стенд;
      2) Үшарал қаласы, Қонаев және С. Құсайын көшелерінің қиылысындағы тақта;
      3) Үшарал қаласы, Абылайхан және Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысындағы тақта.
      2. Бескөл ауылдық округі бойынша:
      1) Бескөл бекеті, Достық көшесі № 33/1, теміржол вокзалы ғимараты жанындағы тақта;
      2) Бұлақты ауылы, Б. Момышұлы және Уалиханов көшелерінің қиылысындағы тақта;
      3) Сахзавод елді мекені, А. Бейсеуов көшесіндегі № 15 үйдің жанындағы тақта;
      4) Заготзерно елді мекені, Амангелді көшесіндегі № 10 үйдің жанындағы тақта.
      3. Қабанбай ауылдық округі бойынша:
      1) Жамбыл ауылы, Б. Момышұлы көшесі № 28, фельдшерлік акушерлік пункті ғимараты жанындағы тақта;
      2) Қабанбай ауылы, Абылайхан және Әлімжанов көшелерінің қиылысындағы тақта;
      3) Қабанбай ауылы, Абылайхан көшесі № 86, Қабанбай батыр атындағы тарихи өлкетану мұражайы ғимараты жанындағы тақта.
      4. Достық ауылдық округі бойынша:
      1) Достық ауылы, Теміржолшылар көшесі № 11, Достык бекеті теміржол вокзалы ғимараты жанындағы тақта;
      2) Достық ауылы, Абай және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы тақта;
      3) Достық ауылы, Момышұлы көшесі № 14, "Нұрлы Таң" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты жанындағы тақта.
      5. Ақтүбек ауылдық округі бойынша:
      1) Ақтүбек ауылы, Байтұқбаев және Алекеев көшелерінің қиылысындағы тақта;
      2) Ақтүбек ауылы, Тастанбек және Алекеев көшелерінің қиылысындағы тақта;
      3) Ақтүбек ауылы, Жамбыл және Алекеев көшелерінің қиылысындағы тақта;
      4) Ақтүбек ауылы, Алекеев көшесі № 5, ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимараты жанындағы тақта.
      6. Ынталы ауылдық округі бойынша:
      1) Ынталы ауылы, Қабанбай және Жұмабаев көшелерінің қиылысындағы тақта.
      7. Жанама ауылдық округі бойынша:
      1) Жанама ауылы, Ақбаев және Қонаев көшелерінің қиылысындағы тақта;
      2) Қарабұлақ ауылы, А. Оразұлы көшесі № 6, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараты жанындағы стенд.
      8. Еңбекші ауылдық округі бойынша:
      1) Еңбекші ауылы, Алтынсарин және Ауезов көшелерінің қиылысындағы тақта.
      9. Жағатал ауылдық округі бойынша:
      1) Қазақстан ауылы, Жансүгіров және Шуақов көшелерінің қиылысындағы тақта.
      10. Арқарлы ауылдық округі бойынша:
      1) Арқарлы ауылы, Уалиханов көшесі № 1, "Арқарлы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.
      11. Қайнар ауылдық округі бойынша:
      1) Қайнар ауылы, Қабанбай батыр көшесі № 4, Қайнар ауылдық клуб ғимараты жанындағы тақта;
      2) Қайнар ауылы, Қабанбай батыр және Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы тақта.
      12. Жайпақ ауылдық округі бойынша:
      1) Жайпақ ауылы, Қабанбай және Тайботанов көшелерінің қиылысындағы тақта.
      13. Қызылащы ауылдық округі бойынша:
      1) Ж. Балапанов ауылы, С. Оразбеков және М. Бейсенбай көшелерінің қиылысындағы тақта;
      2) Ж.Балапанов ауылы, С. Оразбеков көшесі № 19, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараты жанындағы тақта.
      14. Ырғайты ауылдық округі бойынша:
      1) Ақши ауылы, Сейфуллин көшесі № 48, фельдшерлік акушерлік пункті ғимараты жанындағы тақта;
      2) Көктұма ауылы, Бектуров көшесі № 1, "Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық
      мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.
      15. Қамысқала ауылдық округі бойынша:
      1) Қамысқала ауылы, Б. Момышұлы көшесі № 1, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараты жанындағы тақта.
      16. Теректі ауылдық округі бойынша:
      1) Теректі ауылы, Т. Рысқұлов көшесі № 63, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараты жанындағы тақта;
      2) Теректі ауылы, Қ. Баянбаев көшесі және Т. Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы тақта.
      17. Сапақ ауылдық округі бойынша:
      1) Сапақ ауылы, Бейбітшілік көшесі № 52, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараты жанындағы тақта;
      2) Бибақан ауылы, Желтоқсан көшесі № 12, "Бибақан негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.
      18. Тоқжайлау ауылдық округі бойынша:
      1) Тоқжайлау ауылы, Бөгенбай батыр және Ертарғын көшелерінің қиылысындағы тақта;
      19. Үшбұлақ ауылдық округі бойынша:
      1) Айпара ауылы, Ынтымак көшесіндегі № 4 үйдің жанындағы тақта;
      2) Үшбұлақ ауылы, Б. Жансеитов көшесі № 37, "Безродных атындағы ора мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы стенд;
      3) Кеңес ауылы, Бейбітшілік көшесіндегі № 2 үйдің жанындағы тақта.
      20. Ақжар ауылдық округі бойынша:
      1) Қоңыр ауылы, Бейбітшілік көшесі № 75, фельдшерлік акушерлік пункті ғимараты жанындағы тақта;
      2) Ақжар ауылы, Оразов және Рысқұлбеков көшелерінің қиылысындағы тақта;
      3) Ақжар ауылы, Ш. Қалдаяқов көшесі № 221, "Таңжарық" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты жанындағы тақта;
      21. Екпінді ауылдық округі бойынша:
      1) Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі № 61, "Әлем-Нұр" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты жанындағы тақта;
      2) Қарлығаш ауылы, Әлімжанова көшесі № 6, ауылдық клуб ғимараты жанындағы тақта;
      3) Үшқайың ауылы, Абдолдин көшесіндегі № 7 үйдің жанындағы тақта.
      22. Жыланды ауылдық округі бойынша:
      1) Төңкеріс ауылы, Н. Мұқанов көшесіндегі № 5 үйдің жанындағы тақта;
      2) Жыланды ауылы, Қазанғапов және Ағынтаев көшелерінің қиылысындағы тақта;
      3) Шынжылы ауылы, Есімтөре көшесіндегі № 25 үйдің жанындағы тақта;
      4) Көкжар ауылы, Бейбітшілік көшесі № 7, фельдшерлік акушерлік пункті ғимараты жанындағы тақта.
      23. Көлбай ауылдық округі бойынша:
      1) Көлбай ауылы, Қазақстан көшесі № 29, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараты жанындағы тақта;
      2) Қызылқайың ауылы, Мектеп көшесіндегі № 12 үйдің жанындағы тақта.
      24. Лепсі ауылдық округі бойынша:
      1) Лепсі ауылы, Уалиханов көшесіндегі № 5 үйдің жанындағы тақта;
      2) Лепсі ауылы, Жамбыл көшесі № 15, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараты жанындағы тақта;
      3) Байзерек ауылы, Ж. Жабаев көшесі № 33, фельдшерлік акушерлік пункті ғимараты жанындағы тақта.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады