Алакөл ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 шілдедегі № 169 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 27 шілдеде № 5564 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылдың 28 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" 2001 жылдың 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Алакөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алакөл аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Алакөл ауданы әкімдігінің "Алакөл ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" 2016 жылғы 02 ақпандағы № 21 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3693 тіркелген, 2016 жылдың 19 тамызында "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысын күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алакөл ауданы әкімінің орынбасары А.С. Абдиновқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Жаканбаев

  "Алакөл ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Алакөл ауданы әкімдігінің қаулысының қосымшасы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары

      1. Үшарал қаласы бойынша:

      Үшарал қаласы, Бөгенбай батыр және М. Дулепов көшелерінің қиылысындағы тақта;

      Үшарал қаласы, Д. Қонаев және С. Құсайын көшелерінің қиылысындағы тақта;

      Үшарал қаласы, Абылайхан және Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысындағы тақта.

      2. Бескөл ауылдық округі бойынша:

      Бескөл ауылы, Достық көшесі № 33/1, теміржол вокзалы жанындағы тақта;

      Бескөл ауылы, А. Бейсеуов көшесіндегі № 15 үйдің жанындағы тақта;

      Бескөл ауылы, Амангелді көшесі № 1, "Алакөл көмір" ЖШС ғимаратының жанындағы тақта;

      Бұлақты ауылы, Б. Момышұлы және Ш. Уалиханов көшелерінің қиылысындағы тақта.

      3. Қабанбай ауылдық округі бойынша:

      Қабанбай ауылы, Абылайхан және Ә. Әлімжанов көшелерінің қиылысындағы тақта;

      Қабанбай ауылы, Абылайхан көшесі № 86, Қабанбай батыр атындағы тарихи- өлкетану мұражайы ғимаратының жанындағы тақта.

      4. Достық ауылдық округі бойынша:

      Достық ауылы, Теміржолшылар көшесі № 11, Достык бекеті теміржол вокзалы ғимаратының жанындағы тақта;

      Достық ауылы, Абай және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы тақта;

      Достық ауылы, Б. Момышұлы көшесі № 14, "Алакөл ауданының Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Нұрлытаң" бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы тақта.

      5. Ақтүбек ауылдық округі бойынша:

      Ақтүбек ауылы, С. Байтұқбаев және Р. Алекеев көшелерінің қиылысындағы тақта;

      Ақтүбек ауылы, Т. Ысқақов және Р. Алекеев көшелерінің қиылысындағы тақта.

      6. Ынталы ауылдық округі бойынша:

      Ынталы ауылы, Қабанбай батыр және М. Жұмабаев көшелерінің қиылысындағы тақта.

      7. Жанама ауылдық округі бойынша:

      Жанама ауылы, Қ. Ақбаев және Д. Қонаев көшелерінің қиылысындағы тақта.

      8. Еңбекші ауылдық округі бойынша:

      Еңбекші ауылы, Ы. Алтынсарин және М. Ауезов көшелерінің қиылысындағы тақта.

      9. Жағатал ауылдық округі бойынша:

      Қазақстан ауылы, І. Жансүгіров және Қ. Шуақов көшелерінің қиылысындағы тақта.

      10. Арқарлы ауылдық округі бойынша:

      Арқарлы ауылы, Ш. Уалиханов көшесі № 1, "Алакөл аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арқарлы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.

      11. Қайнар ауылдық округі бойынша:

      Қайнар ауылы, Қабанбай батыр көшесі № 4, Қайнар ауылдық клубы ғимаратының жанындағы тақта;

      Қайнар ауылы, Қабанбай батыр және С. Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы тақта.

      12. Жайпақ ауылдық округі:

      Жайпақ ауылы, Қабанбай батыр және Ж. Тайботанов көшелерінің қиылысындағы тақта.

      13. Қызылащы ауылдық округі бойынша:

      Ж. Балапанов ауылы, С. Оразбеков және М. Бейсенбай көшелерінің қиылысындағы тақта;

      Ж. Балапанов ауылы, С. Оразбеков көшесі № 19, дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы тақта.

      14. Ырғайты ауылдық округі бойынша:

      Ақши ауылы, С. Сейфуллин көшесі № 48, дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы тақта;

      Көктұма ауылы, Х. Бектуров көшесі № 1, "Алакөл аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көктұма қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.

      15. Қамысқала ауылдық округі бойынша:

      Қамысқала ауылы, Б. Момышұлы көшесі № 1, дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы тақта.

      16. Теректі ауылдық округі бойынша:

      Теректі ауылы, Т. Рысқұлов № 63, дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы тақта;

      Теректі ауылы, Қ. Баянбаев және Т. Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы тақта.

      17. Сапақ ауылдық округі бойынша:

      Сапақ ауылы, Бейбітшілік көшесі № 52, дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы тақта;

      Бибақан ауылы, Желтоқсан көшесі № 12, "Алакөл аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бибақан негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.

      18. Тоқжайлау ауылдық округі бойынша:

      Тоқжайлау ауылы, Бөгенбай батыр және Ертарғын көшелерінің қиылысындағы тақта.

      19.Үшбұлақ ауылдық округі бойынша:

      Айпара ауылы, Ынтымақ көшесіндегі № 4 үйдің жанындағы тақта;

      Үшбұлақ ауылы, Б. Жансейтов көшесі № 37, "Алакөл аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Безродных атындағы орта мектебі мектеп жасында дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.

      20. Ақжар ауылдық округі бойынша:

      Қоңыр ауылы, Бейбітшілік көшесі № 75, фельдшер-акушерлік пункт ғимаратының жанындағы тақта;

      Ақжар ауылы, О. Оразов және Қ. Рысқұлбеков көшелерінің қиылысындағы тақта.

      21. Екпінді ауылдық округі бойынша:

      Екпінді ауылы, Қазақстан және Х. Нұрманбетова көшелерінің қиылысындағы тақта;

      Қарлығаш ауылы, Ә. Әлімжанов көшесіндегі № 6 үйдің жанындағы тақта;

      Үшқайың ауылы, Т. Абдолдин көшесіндегі № 7 үйдің жанындағы тақта.

      22. Жыланды ауылдық округі бойынша:

      Әшім ауылы, Н. Мұқанов көшесі № 45, "Алакөл аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Төңкеріс негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;

      Жыланды ауылы, Н. Қазанғапов және А. Ағынтаев көшелерінің қиылысындағы тақта;

      Шынжылы ауылы, Есімтөре көшесіндегі № 25 үйдің жанындағы тақта;

      Көкжар ауылы, Бейбітшілік көшесі № 7, медициналық пункті ғимаратының жанындағы тақта.

      23. Көлбай ауылдық округі бойынша:

      Көлбай ауылы, Қазақстан көшесі № 29, дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы тақта;

      Қызылқайың ауылы, Ы. Алтынсарин көшесіндегі № 12 үйдің жанындағы тақта.

      24. Лепсі ауылдық округі бойынша:

      Лепсі ауылы, Ш. Уалиханов көшесіндегі № 5 үйдің жанындағы тақта;

      Байзерек ауылы, Ж. Жабаев көшесі № 33, медициналық пункті ғимаратының жанындағы тақта.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады