Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 18.01.2024 № 16-57 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Балқаш ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. "Балқаш аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Нарбаев Ғалым Рахимович) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихатының "Агроөнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй, жол құрылысы жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат сессиясының төрағасы | Б. Өтелбаев |
Мәслихат хатшысы | К. Омаров |