Алматы облысы Балқаш ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16-57 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 қаңтарда № 6073-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Балқаш аудандық мәслихатының келесі шешімдері күші жойылды деп танылсын:

      1) Балқаш аудандық мәслихатының "Балқаш ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2015 жылғы 5 қазандағы № 47-204 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3541 тіркелген);

      2) Балқаш аудандық мәслихатының "Балқаш ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 3-21 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3878 болып тіркелген).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихатының аппарат басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш аудандық мәслихатының хатшысы К. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады