1. Ташкенсаз селолық округінің Ташкенсаз ауылындағы "Октябрьская" көшесі "Ибрагим Баратов" көшесіне, "Новая" көшесі "Батур Шарипов" көшесіне қайта аталсын.
2. "Еңбекшіқазақ ауданының Ташкенсаз селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Жуманов Али Алиевичке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Селолық округ әкімі | М. Султанияров |