Ескелді ауданы бойынша жер салығының мөлшерлерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 8-39 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 23 қарашада № 4017 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 26-173 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 27.02.2018 № 26-173 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде, Ескелді ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексiнің 379, 381 және 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 40 пайызға жоғарылатылсын.
      2. "Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесі "Ескелді ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша З. Ілімжанова) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихатының интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Жер мәселелері, ауыл шаруашылығы және табиғатты қорғау жұмыстарын қамтитын" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

      Ескелді аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Ә. Тайжанов
      Ескелді аудандық
      мәслихаттың хатшысы Қ. Алпысбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады