Ескелді аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 26-173 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 13 наурызда № 4549 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ескелді аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Сопаков Маулен Берликовичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Ескелді аудандық мәслихатының сессия төрағасы Ә. Тайжанов
      Ескелді аудандық мәслихатының хатшысы Қ. Алпысбаев

  Ескелді аудандық мәслихатының 2018 жылғы "27" ақпан № 26-173 шешіміне қосымша

Ескелді аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Ескелді ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" 2013 жылғы 8 қарашадағы № 26-149 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2523 тіркелген, 2014 жылдың 1 қантарында аудандық "Жетісу шұғыласы" газетінде жарияланған);

      2. "Ескелді ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 3-15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3850 тіркелген, 2016 жылдың 10 маусымында аудандық "Жетісу шұғыласы" газетінде жарияланған);

      3. "Ескелді ауданы бойынша жер салығының мөлшерлерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 28 қазандағы № 8-39 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4017 тіркелген, 2016 жылдың 1 желтоқсанында аудандық "Жетісу шұғыласы" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады