Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 05.03.2018 № 27-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде, Көксу ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 379, 381 және 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 50 пайызға жоғарылатылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Көксу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша А. Байсаринов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан мәслихатының интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан мәслихатының "Ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім 2017 жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Көксу ауданы мәслихатының | |
сессия төрағасы | К. Жунусов |
Көксу ауданы мәслихатының | |
хатшысы | А. Досымбеков |