Көксу ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 наурыздағы № 27-3 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 28 наурызда № 4610 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көксу ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы мәслихаты аппаратының басшысы Кожабергенов Айдар Кожабековичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көксу ауданы мәслихатының
      сессия төрағасы К. Алпысбаев
      Көксу ауданы
      мәслихатының хатшысы А. Досымбеков

  Көксу ауданы мәслихатының 2018 жылғы "5" наурыздағы № 27-3 шешіміне қосымша

Көксу ауданы мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдердің тізбесі

      1. "Көксу ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 45-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3474 тіркелген, 2015 жылдың 15 қазанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жарияланған);

      2. "Көксу ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 6 мамырдағы № 3-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3853 тіркелген, 2016 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      3. "Көксу ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 27 қазандағы № 10-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4022 тіркелген, 2016 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады