Сарқан ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 12 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 11 ақпанда № 3703 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 16 мамырдағы № 107 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық әкімдігінің 16.05.2017 № 107 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Сарқан ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сарқан аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
      3. Сарқан ауданы әкімі аппаратының басшысы Үмбеталиев Самат Тлеубаевичке осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Үмбеталиев Самат Тлеубаевичке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Қошанбеков

  Сарқан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "21" қаңтардағы "Сарқан ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" № 12 қаулысына 1-қосымша

Сарқан ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін

Орындар

      1. Сарқан қаласы бойынша:
      1) Сарқан каласы, М. Тынышбаев көшесі, № 35б, Сарқан гуманитарлық колледжі ғимаратының жанындағы стенд;
      2) Сарқан қаласы, Абай көшесі, № 60, Абай атындағы мектеп-гимназиясы ғимаратының жанындағы стенд;
      3) Сарқан қаласы, Қалиев көшесі, № 34, Н. Островский атындағы мектеп-лицейі ғимаратының жанындағы стенд;
      4) Сарқан қаласы, Қонаев және Урманов көшелерінің қиылысындағы стенд;
      5) Сарқан қаласы, Урманов және Әуезов көшелерінің қиылысындағы стенд;
      6) Сарқан қаласы, Бөгенбай батыр және Д. Нұрпейісова көшелерінің қиылысындағы стенд;
      7) Бірлік ауылы, Чепрасов көшесі, № 57, Бірлік пошта байланыс бөлімшесі ғимаратының жанындағы стенд;
      2. Алмалы ауылдық округі бойынша:
      8) Алмалы ауылы, Абай көшесі, № 11, Алмалы пошта байланыс бөлімшесі ғимаратының жанындағы стенд;
      9) Абай ауылы, Абай көшесі № 33, Абай медициналық пункті ғимаратының жанындағы стенд;
      3. Аманбөктер ауылдық округі бойынша:
      10) Аманбөктер ауылы, Ы. Алтынсарин көшесі, № 12, Аманбөктер фельдшерлік-акушерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд;
      4. Амангелді ауылдық округі бойынша:
      11) Пограничник ауылы, Сәтбаев көшесі, № 10, орталық кітапхана ғимаратының жанындағы стенд;
      12) Пограничник ауылы, Б. Момышұлы көшесі, № 1, Пограничник ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
      13) Қарауылтөбе ауылы, Арын көшесі, № 30а, Қарауылтөбе медициналық пункті ғимаратының жанындағы стенд;
      14) Көкөзек ауылы, Әуезов көшесі, № 1, Көкөзек медициналық пункті ғимаратының жанындағы стенд;
      5. Бақалы ауылдық округі бойынша:
      15) Бақалы ауылы, М. Көбдіков көшесі, № 45, Бақалы ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
      16) Тасқұдық ауылы, Тоған көшесі, № 35, Тасқұдық фельдшерлік-акушерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд;
      6. Екіаша ауылдық округі бойынша:
      17) Екіаша ауылы, Қ. Аманжолов көшесі, № 70а, Екіаша ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
      18) Тополевка ауылы, Тәуелсіздік көшесі, № 1, Тополевка фельдшерлік-акушерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд;
      7. Қойлық ауылдық округі бойынша:
      19) Қойлық ауылы, Б. Макетов қөшесі, № 94 М. Жұмабаев атындағы орта мектебі ғимаратының жанындағы стенд;
      20) Қойлық ауылы, М. Макетов және К. Қазыбаев көшелерінің қиылысындағы стенд;
      21) Қойлық ауылы, І. Жансүгіров көшесі, № 10, Қойлық пошта байланыс бөлімшесі ғимаратының жанындағы стенд;
      8. Қарабөгет ауылдық округі бойынша:
      22) Қарабөгет ауылы, Рысқұлов көшесі, № 28, Қарабөгет ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
      23) Қарабөгет ауылы, Абайділданов көшесі, № 29, Қарабөгет пошта байланыс бөлімшесі ғимаратының жанындағы стенд;
      24) Еркін ауылы, Д. Қонаев көшесі, № 3, Еркін медициналық пункті ғимаратының жанындағы стенд;
      9. Көктерек ауылдық округі бойынша:
      25) Көктерек ауылы, Арын көшесі, № 12, Көктерек пошта байланыс бөлімшесі ғимаратының жанындағы стенд;
      10. Қарашыған ауылдық округі бойынша:
      26) М. Төлебаев ауылы, М. Төлебаев көшесі, № 15а, М. Төлебаев пошта байланыс бөлімшесі ғимаратының жанындағы стенд;
      27) М. Төлебаев ауылы, Жеңіс көшесі, № 1а, М. Төлебаев ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
      28) Үлгі ауылы, Байғамытов көшесі, № 12а, Үлгі медициналық пункті ғимаратының жанындағы стенд;
      29) Шұбартүбек ауылы, Жетісу көшесі, № 6, Шұбартүбек медициналық пункті ғимаратының жанындағы стенд;
      11. Лепсі ауылдық округі бойынша:
      30) Лепсі ауылы, Айша Бибі көшесі, № 3, Лепсі ауылдық ауруханасы ғимаратының жанындағы стенд;
      31) Лепсі ауылы, М. Төлебаев көшесі, № 8, Лепсі мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
      32) Көкжиде ауылы, Төлебай батыр көшесі, № 2, Көкжиде медициналық пункті ғимаратының жанындағы стенд;
      12.Черкасск ауылдық округі бойынша:
      33) Черкасск ауылы, М. Тынышбаев көшесі, № 100, Черкасск ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
      34) Қарғалы ауылы, Әбілқайырхан көшесі, № 2, Қарғалы медициналық пункті ғимаратының жанындағы стенд;
      35) Петропавловка ауылы, М. Тынышбаев көшесі, № 97, Петропавловка фельдшерлік-акушерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд;
      36) Аққайың ауылы, М. Тынышбаев көшесі, № 54, Аққайың медициналық пункті ғимаратының жанындағы стенд;
      13. Шатырбай ауылдық округі бойынша:
      37) Шатырбай ауылы, Абылайхан көшесі, №37, Шатырбай фельдшерлік-акушерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд;
      38) Шатырбай ауылы, Нұғманов көшесі, №31, Шатырбай пошта байланыс бөлімшесі ғимаратының жанындағы стенд.

  Сарқан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "21" қаңтардағы "Сарқан ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" № 12 қаулысына 2-қосымша

Сарқан ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарт негізінде кандидаттарға берілетін үй-жайлар

      1. Сарқан қаласы бойынша:
      1) Сарқан қаласы, Чепрасов көшесі, № 18, мәдениет үйінің акт залы;
      2) Сарқан қаласы, М. Тынышбаев көшесі, № 35б, Сарқан гуманитарлық колледжінің акт залы;
      3) Бірлік ауылы, Чепрасов көшесі, № 34, Бірлік негізгі орта мектебінің акт залы;
      2. Алмалы ауылдық округі бойынша:
      4) Алмалы ауылы, Әбішов көшесі, № 3, Новопокровка орта мектебінің акт залы;
      5) Абай ауылы, Абай көшесі, № 38, Тасарық орта мектебінің акт залы;
      3. Аманбөктер ауылдық округі бойынша:
      6) Аманбөктер ауылы, Смағұл көшесі, № 6, Аманбөктер орта мектебінің акт залы;
      4. Амангелді ауылдық округі бойынша:
      7) Пограничник ауылы, Сәтбаев көшесі, № 8, Пограничник орта мектебінің акт залы;
      8) Қарауылтөбе ауылы, Бейбітшілік көшесі, № 8, Қарауылтөбе орта мектебінің акт залы;
      9) Көкөзек ауылы, Фестивальная көшесі, № 5, Көкөзек орта мектебінің акт залы;
      5. Бақалы ауылдық округі бойынша:
      10) Бақалы ауылы, Көбдіков көшесі, № 44, К. Қазыбаев атындағы орта мектебінің акт залы;
      11) К. Қазыбаев ауылы, Жаңақұрылыс көшесі, № 1, Ағарту орта мектебінің акт залы;
      12) Тасқұдық ауылы, Киров көшесі, № 1, Тасқұдық бастауыш мектебінің акт залы;
      6. Екіаша ауылдық округі бойынша:
      13) Екіаша ауылы, Қ. Аманжолов көшесі, № 80, мәдениет үйінің акт залы;
      14) Тополевка ауылы, Тәуелсіздік көшесі, № 20, Тополевка орта мектебінің акт залы;
      7. Қойлық ауылдық округі бойынша:
      15) Қойлық ауылы, Макетов көшесі, № 45, Кәкімжан Қазыбаев атындағы мәдениет үйінің акт залы;
      8. Қарабөгет ауылдық округі бойынша:
      16) Қарабөгет ауылы, Абайділданов көшесі, № 18, Әль-Фараби атындағы орта мектебінің акт залы;
      9. Көктерек ауылдық округі бойынша:
      17) Көктерек ауылы, Арын көшесі, № 18, М. Мәметова атындағы орта мектебінің акт залы;
      10. Қарашыған ауылдық округі бойынша:
      18) М. Төлебаев ауылы, М. Төлебаев көшесі, № 15а, М. Төлебаев атындағы мәдениет үйінің акт залы;
      11. Лепсі ауылдық округі бойынша:
      19) Лепсі ауылы, М. Төлебаев көшесі, № 21, мәдениет үйінің акт залы;
      20) Көкжиде ауылы, Төлебай батыр көшесі, № 18, Ерікті орта мектебінің акт залы;
      12. Черкасск ауылдық округі бойынша:
      21) Черкасск ауылы, М. Тынышбаев көшесі, № 16, Черкасск орта мектебінің акт залы;
      22) Аққайың ауылы, М. Тынышбаев көшесі, № 25, Ленин бастауыш мектебінің акт залы;
      23) Қарғалы ауылы, М. Тынышбаев көшесі, № 1, Қарғалы орта мектебінің акт залы;
      24) Петропавловка ауылы, А. Құнанбаев көшесі, нөмірсіз, Петропавловка орта мектебінің акт залы;
      13. Шатырбай ауылдық округі бойынша:
      25) Шатырбай ауылы, Нұғыманов көшесі, № 30, мәдениет үйінің акт залы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады