"Жамбыл облысының ауылдық жерлеріне жұмыс істеуге жолданған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібін айқындау туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №10-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы мәслихатының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 46-7 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 наурызда № 2970 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2024 жылдың 24 сәуірдегі № 14-3 шешімімен

      Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 24.04.2024 № 14-3 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жамбыл облысының ауылдық жерлеріне жұмыс істеуге жолданған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібін айқындау туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №10-9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №1873 болып тіркелген, 2013 жылдың 12 қаңтарында №3 (17691) "Ақ жол" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасына сәйкес ақындалған Жамбыл облысының ауылдық жерлеріне жұмыс істеуге жолданған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібінің:

      6 тармағындағы "300 000 (үш жүз мың)" деген сандар мен сөздер "800 000 (сегіз жүз мың)" деген сандар мен сөздерге ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және интернет-ресурстарында жариялау Жамбыл облыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс және әйелдер істерімен отбасы-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың Облыстық мәслихаттың
      сессия төрайымы хатшысы
      Д. Қожамжарова Б. Қарашолақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады