Жамбыл облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Жамбыл облыстық мәслихатының 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 14-3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 сәуірде № 5198-08 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жамбыл облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі осы шешімнің 1-қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Жұмыс үшін жіберілген мынандай медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен біржолғы әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері айқындалсын:

      2) Жамбыл облысының ауылдық жерлерінде, кенттерге, аудандық маңызы бар қалаларға жоғары медициналық білімі бар мамандарға 1 200 000 (бір миллион екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      2) Жамбыл облысының облыстық маңызы бар қалаларға жоғары медициналық білімі бар мамандарға 800 000 (сегіз жүз мың) теңге мөлшерінде;

      3) Жамбыл облысының ауылдық жерлерінде, кенттерге, аудандық маңызы бар қалаларға резидентура бағдарламаларының медицина мамандарына 8 500 000 (сегіз миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы А. Нуралиев

  Жамбыл облыстық мәслихатының
  2024 жылғы 24 сәуірдегі № 14-3
  Шешіміне 1 қосымша

Жамбыл облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

      1. Негізгі ұғымдар:

      1) әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті орган – "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) жұмыс беруші – медицина (фармацевтика) қызметкерлерімен еңбек шартын жасасқан, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыратын денсаулық сақтау ұйымы;

      3) Жамбыл облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина қызметкері (әрі қарай – қызметкер) – жоғары медициналық білімі, маманның тиісті сертификаты бар, ауылдық жерге жұмыс істеуге уәкілетті орган жолдаған жеке тұлға;

      4) Жамбыл облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген фармацевтика қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкер) – фармацевтикалық жоғары медициналық білімі, маманның тиісті сертификаты бар, ауылдық жерге жұмыс істеуге келген жеке тұлға;

      5) резидентура бағдарламаларының медициналық мамандары:

      1. Акушерия және гинекология (ересектер, балалар);

      2. Аллергология және иммунология (ересектер, балалар);

      3. Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар);

      4. Ангиохирургия (ересектер, балалар);

      5. Балалар жасындағы стоматология;

      6. Балалар хирургиясы;

      7. Гастроэнтерология (ересектер, балалар);

      8. Гематология (ересектер);

      9. Дерматовенерология (ересектер, балалар);

      10. Жалпы хирургия;

      11. Жақ-бет хирургиясы (ересектер, балалар);

      12. Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар);

      13. Кардиология (ересектер, балалар);

      14. Кардиохирургия (ересектер, балалар);

      15. Клиникалық зертханалық диагностика;

      16. Клиникалық фармакология;

      17. Медициналық генетика;

      18. Неврология (ересектер, балалар);

      19. Нейрохирургия (ересектер, балалар);

      20. Неонатология;

      21. Нефрология (ересектер, балалар);

      22. Онкологиясы (ересектер);

      23. Онкологиясы және гематологиясы (балалар);

      24. Радиациялық онкология;

      25. Химиотерапиялық онкология;

      26. Ортодонтия;

      27. Ортопедиялық стоматология;

      28. Отбасы медицинасы;

      29. Оториноларингология (ересектер, балалар);

      30. Офтальмология (ересектер, балалар);

      31. Патологиялық анатомия;

      32. Педиатрия;

      33. Пластикалық хирургия (ересектер, балалар);

      34. Психиатрия (ересектер, балалар);

      35. Пульмонология (ересектер, балалар);

      36. Радиология;

      37. Ревматология (ересектер, балалар);

      38. Сот-медициналық сараптама;

      39. Төтенше жағдайлар мен апаттар медицинасы;

      40. Терапия;

      41. Терапиялық стоматология;

      42. Травматология-ортопедия (ересектер, балалар);

      43. Урология және андрология (ересектер, балалар);

      44. Физикалық медицина және оңалту (ересектер, балалар);

      45. Фтизиатрия (ересектер, балалар);

      46. Хирургиялық стоматология;

      47. Кезек күттірмейтін медицина (ересектер, балалар);

      48. Эндокринология (ересектер, балалар);

      49. Ядролық медицина.

      2. Қызметкер әлеуметтік қолдауды алу үшін әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті органға жеке куәліктің, дипломның, еңбек кітапшасының көшірмелерін немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін), жұмысқа қабылданғандығы туралы бұйрықты, 3х4 суретті (2 дана) ұсынады.

      3. Әлеуметтік қолдау алуға ауылдық жерлерге жұмыс істеуге жолданған және тұруға келген, сондай-ақ жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқан күнінен бастап Жамбыл облысының мемлекеттік медициналық ұйымдарында 5 (бес) жыл жұмыспен өтеуге міндетті.

      4. Әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті орган денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында:

      1) жыл сайын ауылдық жерге қажетті медициналық (фармацевтикалық) мамандықтар бойынша сұранысқа талдау жүргізеді;

      2) медициналық (фармацевтикалық) қызметкерлерден өтініштер және олардың біліктілігін растайтын құжаттарды қабылдайды, әлеуметтік қолдауға мұқтаж қызметкерлердің тізімін жасайды;

      3) ауылдық жерге жұмыс істеуге жолданған медицина (фармацевтика) қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

      5. Әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті органның жолдауы бойынша жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің талаптарына сәйкес қызметкермен еңбек шартын жасасады.

      6. Әлеуметтік қолдау Жамбыл облыстық мәслихатының шешімімен айқындалатын мөлшерде біржолғы материалдық көмекті қамтиды.

      7. Біржолғы материалдық көмек қызметкермен еңбек шарты жасасқаннан кейін, оның өтініші негізінде екінші деңгейдегі банкте оған ашылған жеке шотына аудару жолымен төленеді.

      8. Өндірістік қажеттілікке байланысты қызметкер облыс аумағындағы медициналық ұйымнан басқа ұйымға ауысқан және сол ұйым ауылдық жерде орналасқан жағдайда, қызметкердің әлеуметтік қолдау алуға құқығы сақталады.

      9. Еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын белгіленген тәртіппен облыстық бюджет кірісіне толық көлемінде бұрынырақ аударылған бюджеттік қаражатты қайтаруға шаралар қабылдайды.

      10. Жұмыс беруші қызметкер әлеуметтік қолдауды алу құқығынан айырылған сәттен (жұмыстан шығару, жұмыстан шеттету) 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті органды хабардар етеді және онымен келіседі.

      11. Қызметкерді әлеуметтік қолдау бойынша қаржыландыру әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүргізіледі.

      12. Қызметкерге әлеуметтік қолдау көрсету облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

  Жамбыл облыстық мәслихатының
  2024 жылғы 24 сәуірдегі № 14-3
  Шешіміне 2 қосымша

Жамбыл облысық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Жамбыл облысының ауылдық жерлеріне жұмыс істеуге жолданған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібін айқындау туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1873 болып тіркелген) шешімі.

      2. "Жамбыл облысының ауылдық жерлеріне жұмыс істеуге жолданған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібін айқындау туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 16-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2003 болып тіркелген) шешімі.

      3. "Жамбыл облысының ауылдық жерлеріне жұмыс істеуге жолданған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібін айқындау туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №10-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы мәслихатының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 46-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2970 болып тіркелген) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады