Тараз қаласының көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 24 ақпандағы №63 қаулысы және Жамбыл облысы мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 2-3 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 мамырда № 3089 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және 2015 жылғы 10 желтоқсандағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тараз қаласының "Арай" алқабындағы атауы жоқ:
      1) № 7 көшесі Дүйсен Баяновтың есімімен;
      2) № 8 көшесі Патшабек Тілеубаевтың есімімен аталсын.
       2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық мәслихатының экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.
      3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс Әкімі Облыстық мәслихаттың хатшысы
      К. Көкрекбаев Б. Қарашолақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады