Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9, 27-баптарына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тараз қаласы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар үшін 2016 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлердің жалпы санынан 1%-дан квоталар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2016 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3. "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Кенжебек Мамашбайұлы Олжабайға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің міндетін атқарушы | М. Ахаев |
Тараз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі №700 қаулысына қосымша |