Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тараз қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Тараз қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесі, Тараз қаласы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесі, "Тараз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Жандос Сәрсенбайұлы Өмірзақовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Календеров |
Тараз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 892 қаулысына қосымша |
Тараз қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі:
1. "Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 38 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді тіркеу тізілімінде № 2531 болып тіркелген, 2015 жылдың 25 ақпандағы № 8 (1243) "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған).2. "Тараз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 51 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді тіркеу тізілімінде № 2541 болып тіркелген, 2015 жылдың 11 наурыздағы № 11 (1246) "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған).
3. "Тараз қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 274 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді тіркеу тізілімінде № 3060 болып тіркелген, 2016 жылдың 18 мамырдағы № 20 (1308) "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған).