Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық әкімдігінің 02.10.2023 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 351 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 22 тамыздағы №3152 болып тіркелген Байзақ аудандық "Ауыл жаңалығы - Сельская новь" газетінің 2016 жылғы 30 тамыздағы №86 (8472)) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14-тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6-тармақшасына сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
орысша мәтінінде қосымшасының атауы және 3-тармақтағы сөз өзгертілді қазақша мәтінінде өзгертілмейді.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Мұратұлы Ақбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Д. Сұлтанбеков |