Байзақ ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 2 қазандағы № 309 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 қазанда № 5091 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Байзақ ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.С.Жамаловқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байзақ ауданының
      әкімі Б. Казанбасов

  Байзақ ауданының әкімі 2023 жылғы 2 қазандағы № 309 қосымша қаулысы

Байзақ ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулылардың тізбесі

      1. Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 351 қаулысы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3152 тіркелген) қаулысы;

      2. Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 613 қаулысы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 351 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3286 тіркелген) қаулысы;

      3. Байзақ ауданы әкімдігінің Байзақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 129 қаулысы" Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 351 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3798 тіркелген) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады