"Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Қордай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 460 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 24 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 2920 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 13 ақпандағы № 65 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 13.02.2024 № 65 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Қордай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 460 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2328 болып тіркелген, 2014 жылдың 8 қазанында №159-160 (2091-2092) аудандық "Қордай шамшырағы-Кордайский маяк" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Аталған қаулымен белгіленген барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарында:

      реттік нөмірлері 8, 12, 13, 24, 27 мынадай редакцияда жазылсын:

8

Бетқайнар ауылы

Бетқайнар ауылы, Өтеген көшесі, 1, ауылдық округінің әкімдігі ғимаратының алдындағы тақта

12

Жамбыл ауылы

Жамбыл ауылы, Новая көшесі, 7, ауылдық округінің әкімдігі ғимаратының алдындағы тақта

13

Жаңатұрмысауылы

Жаңатұрмыс ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 2, ауылдық округінің әкімдігі ғимаратының алдындағы тақта

24

Қарасайауылы

Қарасай ауылы, Ж.Сұраубаев көшесі, 67, ауылдық клуб ғимаратының алдындағы стенд

27

Қордайауылы

Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, 1, "Қордай" кеденінің алдындағы тұғырлық; Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, 195, "Бауырхан" базары алдындағы тақта; Қордай ауылы, Домалақ ана көшесі, 215, Халыққа қызмет көрсету орталығының аумағындағы тақта; Қордай ауылы, Төле би көшесі, 54, Қордай аудандық орталық аурухана ғимаратының алдындағы тақта

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Т. Ботабековке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қордай аудандық

      аумақтық сайлау комиссиясы

      С.Ж. Тұрғынбай

      "28" қаңтар 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады