Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 331 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 қазанда № 3183 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі №103 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 20.04.2018 №103 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. "Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектерді квотаға сәйкес жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Бейқұт Тілебалдыұлы Жамангозовке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Досаев

  Қордай ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 331 қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі

Р/с

Ұйымның атауы

Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан пайызы)

Ауыр жұмыстағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде бөлінген квота саны (адам)

1

2

3

4

5

1.

"Сарыбұлақ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

2%

1

2.

"Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

175

3%

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады