Ақарал ауылдық округінің Ақарал ауылындағы көше атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақарал ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 1-01/2 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 ақпанда № 2923 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақарал ауылдық округінің Ақарал ауылындағы Пролетарская көшесі Суанбай Барменқұлұлы болып өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақарал ауылдық округі әкімінің бас маманы А.Мырзалиевке жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақарал ауылдық округінің әкімі Б. Мажиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады