Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірынғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 2-9 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 маусымда № 3111 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы № 23-5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 14.03.2018 № 23-5 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386 бабының 5 тармағына және 444 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірынғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет-ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың аумақтың экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар, өнеркәсіп салаларын, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларын дамыту, аумақтық құрылыс, жер учаскесін сатып алу туралы жобаларын қарау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнен бастап күшіне енеді және 2016 жылдың 1 шілдесінен қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы хатшысы
      М. Мұқашев Ш. Исабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады