Мойынқұм ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 тамыздағы № 4-3 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 тамызда № 3156 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 мамырдағы № 59-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 26.05.2020 № 59-5 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мойынқұм ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтер қосымша сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет-ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың аумақтың экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар, өнеркәсіп салаларын, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларын дамыту, аумақтық құрылыс, жер учаскесін сатып алу туралы жобаларын қарау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнен бастап күшіне енеді және 2016 жылдың 1 қазанынан қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
      Ш. Акимов Ш. Исабеков

  Мойынқұм аудандық
мәслихатының 2016 жылғы
№ 4-3 шешімінің қосымшасы

Мойынқұм ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтер

Атауы

Есептік бірлігі

Теңге

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтер



Жеке тұлғалар үшін

1 тонна

356,65

Заңды тұлғалар үшін

1 тонна

399,45

2

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифтер



Жеке тұлғалар үшін

1 текше метр

605,76

Заңды тұлғалар үшін

1 текше метр

678,45


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады