"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Мойынқұм аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет-ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың аумақтың экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар, өнеркәсіп салаларын, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларын дамыту, аумақтық құрылыс, жер учаскесін сатып алу туралы жобаларын қарау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мойынқұм аудандық мәслихатының хатшысы | Ш. Исабеков |
Мойынқұм аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 мамырдағы № 59-5 шешіміне қосымша |
Мойынқұм аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1. "Мойынқұм ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы мәслихатының 2012 жылғы 23 шілдедегі № 6-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 16 тамызда № 6-7-85 болып тіркелген, "Мойынқұм таңы" газетінде №74-75 нөмірлерінде 2012 жылдың 4 қыркүйегінде жарияланған);
2. "Мойынқұм ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 тамыздағы № 4-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 31 тамызда № 3156 болып тіркелген, электрондық түрде 2016 жылдың 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
3. "Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 қарашадағы № 32-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 29 қарашада № 3998 болып тіркелген, электрондық түрде 2018 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
4. "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 қарашадағы № 32-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 29 қарашада № 3994 болып тіркелген, электрондық түрде 2018 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);