Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңының 28-бабының 4 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшiн шарттық негiзде үй-жайлар беру туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы №49 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №2575 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 наурыздағы №29 "Сарысу" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Асановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Жайлыбаев |
Сарысу ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 26 қаңтардағы №16 қаулысына қосымша |