Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және 2 қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Омарбек Берген Жақатайұлына жүктелсiн.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б. Нарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жамбыл облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы
Сарысу аудандық орталық ауруханасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының
бас дәрігері
Ж. Кодеков
05 қаңтар 2017 жыл
Сарысу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы №246 қаулысына 1 қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
Сарысу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 246 қаулысына 2 қосымша |