Талас ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары, индекстері және тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 345 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қазанда № 3176 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 371 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 29.12.2018 № 371 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 6 бабының 2 тармағына және 3 бабының 7 тармағына сәйкес, аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдалану және жөндеуді қамтамасыз ету мақсатында Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Талас ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары, индекстері және тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен, осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Серік Ералыұлы Дадабаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі Б. Рысмендиев

      "Талас ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары, индекстері және тізбесін бекіту туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "13" қыркүйектегі № 345 қаулысына келісім парағы

      Келісілді

      Жамбыл облысы әкімдігінің

      құрылыс, жолаушылар көлігі

      және автомобиль жолдары

      басқармасының басшысы

      Ә. Ахатаев

      19 қыркүйек 2016 жыл

  Талас ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 345 қаулысына қосымша

Талас ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары, индекстері және тізбесі

Автомобиль жолдары

Индекс

Атауы

Ұзақтығы (шақырым)

1

KH-TL-1

Ойық - Бөлтірік шешен – Көшек батыр - Үшарал (0-41)

41

2

KH-TL-2

Тұрымқұл ауылына кіре беріс (0-1,3)

1,3

3

KH-TL-3

С.Шәкіров ауылына кіре беріс (0-21)

21

4

KH-TL-4

Ақкөл-Талапты (0-32)

32

5

KH-TL-5

Қайыр ауылына кіре беріс (0-4)

4

6

KH-TL-6

Қайыр - Арал (0-9,8)

9,8

7

KH-TL-7

Майтөбе ауылына кіре беріс (0-1,1)

1,1

8

KH-TL-8

Қожағаппар ауылына кіре беріс (0-2,3)

2,3

9

KH-TL-9

Қызыләуіт ауылына кіре беріс (0-6,2)

6,2

10

KH-TL-10

Ақтөбе ауылына кіре беріс (0-3)

3

11

KH-TL-11

Қойгелді – Көктал - Ақсай (0-36)

36

12

KH-TL-12

Қаратау – Қасқабулақ – Есейхан - Көктал шипажайы (0-45,2)

45,2

13

KH-TL-13

Есейхан - Қараой (0-18)

18

14

KH-TL-14

Аэропортқа кіре беріс (0-3)

3

15

KH-TL-15

Аққұм ауылына кіре беріс (0-6)

6

16

KH-TL-16

Қараой ауылына кіре беріс (0-8,6)

8,6

17

KH-TL-17

Майтөбе - Қаратау (0-4,1)

4,1

18

KH-TL-18

Ерназар - Қойгелді (9-24,1)

11,4

19

KH-TL-19

Көктал - Қаратау (0-2,1)

2,1



Барлығы

256,1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады