Талас ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 371 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 4083 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Талас ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Талас ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары, индекстері және тізбесін бекіту туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 345 (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3176 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қазанда "Талас тынысы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Талас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары СерікЕралыұлы Дадабаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д. Алиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Жамбыл облысы әкімдігінің

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _____________________ Б.Жәнібеков

      "__" _______________ 2018 жыл

  Талас ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "29" желтоқсаны
№ 371 қаулысына қосымша

Талас ауданының облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары, индекстері және тізбесі

Автомобиль жолдары

Индекс

Атауы

Қашықтық (шақырым)

1

KH-TL-1

Есейхан ауылына кіре беріс

10,35

2

KH-TL-2

Қаскабұлақ ауылына кіре беріс

12

3

KH-TL-3

Майтөбе ауылына кіре беріс

1,1

4

KH-TL-4

Қожағаппар ауылына кіре беріс

2,35

5

KH-TL-5

Қаратау-Көктал

14,5

6

KH-TL-6

Қараой ауылына кіре беріс

8,3

7

KH-TL-7

Ақкөл-Талапты

32

8

KH-TL-8

С.Шәкіров ауылына кіре беріс

21

9

KH-TL-9

Тұрымқұл ауылына кіре беріс

1,3

10

KH-TL-10

Ойық-Бөлтірік шешен-Көшек батыр-Үшарал

41

11

KH-TL-11

Қызыләуіт ауылына кіре беріс

5,4

12

KH-TL-12

Ақтөбе ауылына кіре беріс

2,5

13

KH-TL-13

Ерназар-Қойгелды

11,7

14

KH-TL-14

Қаратау қаласына оң түстіктен кіре беріс

4,1

15

KH-TL-15

Қаратау қаласына батыстан кіре беріс

2,1

16

KH-TL-16

Аққұм ауылына кіре беріс

5,7

17

KH-TL-17

Сейілбек ауылына кіре беріс

0,35

18

KH-TL-18

Арал ауылына кіре беріс

11,6

19

KH-TL-19

Қаратау қаласына шығатан кіре беріс

6,14

Барлығы

193,49


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады