Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 28.07.2017 № 268 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шу ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (З.Тұрсынұлы) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға, мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Шу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Сегізбайұлы Жақсыбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р.Дәулет |
"КЕЛІСІЛДІ":
Жамбыл облысы әкімдігінің
құрылыс, жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары
басқармасының басшысы
Р.Байтелиев
25 сәуір 2016 жыл
Шу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 218 қаулысына қосымша |
Шу ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ | Автомобиль жолдары | ||
Индекс | Атауы | Ұзақтығы (шақырым) | |
1. | KH-SH-1 | Абай ауылына кіреберіс (0-11,0) | 11,0 |
2. | KH-SH-2 | Тасөткел ауылына кіреберіс (0-3,0) | 3,0 |
3. | KH-SH-3 | Бірлік ауылына кіреберіс (0-3,5) | 3,5 |
4. | KH-SH-4 | Бәйдібек ауылына кіреберіс (0-1,0) | 1,0 |
5. | KH-SH-5 | Сауытбек ауылына кіреберіс (0-8,1) | 8,1 |
6. | KH-SH-6 | Еңбек ауылына кіреберіс (0-2,6) | 2,6 |
7. | KH-SH-7 | Тасөткел су қоймасына кіреберіс (0-6,5) | 6,5 |
8. | KH-SH-8 | Жайсан ауылына кіреберіс (0-4,5) | 4,5 |
9. | KH-SH-9 | Далақайнар ауылына кіреберіс (0-2,0) | 2,0 |
10. | KH-SH-10 | Еңбекші ауылына кіреберіс (0-2,2) | 2,2 |
11. | KH-SH-11 | Аспара ауылына кіреберіс (0-1,7) | 1,7 |
12. | KH-SH-12 | Ақтөбе ауылына кіреберіс (0-0,9) | 0,9 |
13. | KH-SH-13 | Төле би ауылына кіреберіс (0-6,0) | 6,0 |
14. | KH-SH-14 | Балуан Шолақ ауылына кіреберіс (0-6,5) | 6,5 |
15. | KH-SH-15 | Бөлтірік ауылына кіреберіс (0-5,0) | 5,0 |
16. | KH-SH-16 | Шоқпар-Бел бекеті (0-30,0) | 30,0 |
17. | KH-SH-17 | Балуан Шолақ-Жиделі (0-17,3) | 17,3 |
18. | KH-SH-18 | Көкқайнар - Оразалы батыр (0-8,7) | 8,7 |
19. | KH-SH-19 | Оразалы батыр – Ақсу (0-15,5) | 15,5 |
20. | KH-SH-20 | Жаңажол-Белбасар (0-11,8) | 11,8 |
Барлығы: | 147,8 |