Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 8 қарашадағы № 434 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 9 қарашада № 3209 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) сәйкес Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өтінімдерді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
      2. "Шу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы қаулының Шу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлихан Әбілашұлы Балқыбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Р. Дәулет

  Шу ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 08 қарашадағы
№ 434 қаулысына қосымша

Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өтінімдерді ұсыну мерзімдері


Басым ауыл шаруашылығы дақылдары

Өтінімді ұсыну мерзімдерінің басталуы

Өтінімді ұсыну мерзімдерінің аяқталуы

1.
Қант қызылшасы 1 гектарға

15.11.2016 жыл

07.12.2016 жыл

2.
Қант қызылшасы 1 тоннаға

15.11.2016 жыл

07.12.2016 жыл

3.
Қорғалған топырақтағы көкөніс (фермерлік үлгідегі жылыжай)

15.11.2016 жыл

07.12.2016 жыл

4.
Қорғалған топырақтағы көкөніс (өнеркәсіптік үлгідегі жылыжай)

15.11.2016 жыл

07.12.2016 жыл

5.
Қант қызылшасы 1 гектарға, ашық топырақта өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы

15.11.2016 жыл

07.12.2016 жыл

6.
Қант қызылшасы 1 тоннаға, тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы

15.11.2016 жыл

07.12.2016 жыл

7.
Майлы дақылдар

15.11.2016 жыл

07.12.2016 жыл

8.
Дәндік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін және өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы

15.11.2016 жыл

07.12.2016 жыл

9.
Дәндік жүгері

15.11.2016 жыл

07.12.2016 жыл

10.
Көпжылдық шөп (таза егіс)

15.11.2016 жыл

07.12.2016 жыл

11.
2, 3 жылғы көпжылдық шөп

15.11.2016 жыл

07.12.2016 жыл

12.
Көп жылдық шөп, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы

15.11.2016 жыл

07.12.2016 жыл

13.
Сүрлемдік жүгері

15.11.2016 жыл

07.12.2016 жыл

14.
Картоп

15.11.2016 жыл

07.12.2016 жыл

15.
Сүрлемдік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы

15.11.2016 жыл

07.12.2016 жыл

16
Күздік бидай

15.11.2016 жыл

07.12.2016 жыл

17
Жаздық арпа

15.11.2016 жыл

07.12.2016 жыл

18
Ашық топырақтағы көкөніс

15.11.2016 жыл

07.12.2016 жыл

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады