Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 27 шілдедегі № 32 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 тамызда № 3149 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабына сәйкес және Шу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының 2016 жылғы 25 мамырдағы № 162 ұсынысы негізінде, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ірі қара мал арасынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты, Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Г. Е. Құстүтіноваға жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі Б. Төлендиев

      Бірлік ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 27 шілдедегі № 32 "Бірлік ауылдық округінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне келісу парағы.
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Жамбыл облысы ішкі істер
      департаментінің Шу аудандық
      ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Ш. Жапабаев
      27 шілде 2016 жыл
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Шу аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің
      С. Таңсықов
      27 шілде 2016 жыл
      "Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті
      Жамбыл облысы тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау департаментінің Шу аудандық тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      М. Болотин
      27 шілде 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады