Қарағанды облысының Абай, Бұқар жырау аудандарының шекараларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 40/10 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 59 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 шілдеде № 3916 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13 бабының 5 тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 2 тармақшасына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгертулер:
      1) осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес Абай ауданының шекарасына Бұқар жырау ауданы Дубовка ауылдық округінің Дубовка ауылының жалпы ауданы 19 649 гектар жері қосылсын;
      2) орталығы Дубовка ауылында Абай ауданының Дубовка ауылдық округін құру арқылы Абай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысы өзгерілсін;
      3) Бұқар жырау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысынан жалпы ауданы 19 649 гектар құрайтын жер Дубовка ауылдық округі алынсын;
      4) осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес Бұқар жырау ауданы Үштөбе ауылдық округінің шекарасына Новостройка ауылының және Дубовка ауылдық округінің ауданы жалпы 28 129 гектар іргелес жерлері қосылсын;
      5) осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес Абай және Бұқар жырау аудандары шекарасын өзгерту бойынша шаруашылықаралық жерге орналастыру жобасына сәйкес Абай ауданының Дубовка ауылдық округінің (шегі) шекарасы белгіленсін;
      6) осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес Абай және Бұқар жырау аудандары арасындағы шекарасының өзгерту бойынша шаруашылықаралық жерге орналыстыру жобасына сәйкес Қарағанды облысы Абай ауданы Абай қаласының (шегі) шекарасы белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы әкімдігінің 30.03.2017 № 19/02 бірлескен қаулысымен және Қарағанды облыстық мәслихатының 30.03.2017 № 166 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы Қарағанды облысы әкімдігі және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков
      Сессия төрағасы Н. Иманов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Әбдікеров

  Бірлескен Қарағанды облысы
әкімдігі 2016 жылғы 10 маусымдағы № 40/10 қаулысы
және Қарағанды облыстық мәслихатының
2016 жылғы 30 маусымдағы № 59
шешіміне қосымша

Қарағанды облысы Абай, Бұқар жырау аудандарының шекарасына қосылатын жерлердің экспликациясы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 30.03.2017 № 19/02 бірлескен қаулысымен және Қарағанды облыстық мәслихатының 30.03.2017 № 166 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

№ р/с
Атауы
Шекараларына қосылатын жерлердің көлемі, гектар
1.
Абай ауданы
19649
2.
Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылдық округі
28129

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады