Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 40/10 және Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 59 "Қарағанды облысының Абай, Бұқар жырау аудандарының шекараларын өзгерту туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне (бұдан әрі - әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімі), (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3916 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 шілдедегі № 97 (22042) "Индустриальная Караганда", 2016 жылғы 28 шілдедегі № 118-119 (22224) "Орталық Қазақстан" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 1 тамызында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімінің 1 тармағының 1), 2), 3) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
"1) осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес Абай ауданының шекарасына Бұқар жырау ауданы Дубовка ауылдық округінің Дубовка ауылының жалпы ауданы 19 649 гектар жері қосылсын;
2) орталығы Дубовка ауылында Абай ауданының Дубовка ауылдық округін құру арқылы Абай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысы өзгерілсін;
3) Бұқар жырау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысынан жалпы ауданы 19 649 гектар құрайтын жер Дубовка ауылдық округі алынсын;";
әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімінің 1 тармағы 4), 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес Бұқар жырау ауданы Үштөбе ауылдық округінің шекарасына Новостройка ауылының және Дубовка ауылдық округінің ауданы жалпы 28 129 гектар іргелес жерлері қосылсын;
5) осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес Абай және Бұқар жырау аудандары шекарасын өзгерту бойынша шаруашылықаралық жерге орналастыру жобасына сәйкес Абай ауданының Дубовка ауылдық округінің (шегі) шекарасы белгіленсін;
6) осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес Абай және Бұқар жырау аудандары арасындағы шекарасының өзгерту бойынша шаруашылықаралық жерге орналыстыру жобасына сәйкес Қарағанды облысы Абай ауданы Абай қаласының (шегі) шекарасы белгіленсін.";
бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасы осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімі алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Қошанов |
Сессия төрағасы | А. Түкбаева |
Облыстық мәслихат хатшысы | Р. Әбдікеров |
Қарағанды облысы Абай, Бұқар жырау аудандарының шекарасына қосылатын жерлердің экспликациясы
№ р/с | Атауы | Шекараларына қосылатын жерлердің көлемі, гектар |
1. | Абай ауданы | 19649 |
2. | Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылдық округі | 28129 |