Қарағанды облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы III сессиясының № 63 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 шілдеде № 3918 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы "Теміржол көлігі туралы" Заңының 14 бабы 3 тармағының 1) тармақшасына сәйкес облыстық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Жойылсын:

      1) Қарағанды облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 қарашадағы XLI сессиясының "Әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы темір жол жолаушылар қатынастарының тізбесін бекіту туралы" № 469 шешімі;

      2) Қарағанды облыстық мәслихатының 2012 жылғы 27 қыркүйектегі VIII сессиясының "Қарағанды облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 қарашадағы XLI сессиясының "Әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы темір жол жолаушылар қатынастарының тізбесін бекіту туралы" № 469 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 87 шешімі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, көлік және коммуналдық шаруаршылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 18.04.2023 № 29 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Иманов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Әбдікеров

  Қарағанды облыстық мәслихатының
2016 жылғы 30 маусымдағы
№63 шешіміне қосымша

Қарағанды облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 18.04.2023 № 29 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қатынас

1

№606/605 "Қарағанды – Балқаш"

2

"Балқаш – Саяқ"

3

№6867 "Құлайғыр – Теміртау"

4

№6868/6869 "Теміртау – Ақадыр – Теміртау"

5

№6952/6951 "Шоқай – Құлайғыр – Қарағанды Сұрыптау"

6

№6876 "Теміртау – Құлайғыр"

7

№6815 "Қарағанды – Шоқай"

8

№6956/6955 "Қарағанды Сұрыптау – Қарағанөзек"


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады