Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 63 "Қарағанды облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 29 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 сәуірде № 6391-09 болып тіркелді

      Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарағанды облыстық мәслихатының "Қарағанды облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту туралы" 2016 жылғы 30 маусымдағы №63 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3918 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, көлік және коммуналдық шаруаршылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасы Н. Кобжанов

  Қарағанды облыстық
мәслихатының
2023 жылғы 18
сәуірдегі
№ 29
шешіміне қосымша
  Қарағанды облыстық мәслихатының
2016 жылғы 30 маусымдағы
№63 шешіміне қосымша

Қарағанды облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесі

Қатынас

1

№606/605 "Қарағанды – Балқаш"

2

"Балқаш – Саяқ"

3

№6867 "Құлайғыр – Теміртау"

4

№6868/6869 "Теміртау – Ақадыр – Теміртау"

5

№6952/6951 "Шоқай – Құлайғыр – Қарағанды Сұрыптау"

6

№6876 "Теміртау – Құлайғыр"

7

№6815 "Қарағанды – Шоқай"

8

№6956/6955 "Қарағанды Сұрыптау – Қарағанөзек"


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады