Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің, қаржы Ұлттық экономика министірліктерімен келісілген 2014 жылғы 19 қарашадағы "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" № 3-1/600 бұйрығы, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9987 болып тіркелген) және Қарағанды облыстық Мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуірдегі №29 "Қарағанды облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы XL сессиясының "2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" № 452 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" II сессияның шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3781 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысының әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 05/01 "Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативін, қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3654 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 ақпандағы № 30 (22 133) "Орталық Қазақстан" және 2016 жылғы 16 ақпандағы № 20 (21 965) "Индустриальная Караганда" газеттерінде, 2016 жылдың 12 ақпандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
нұсқалған қаулының 3 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
Қарағанды облысының әкімі | Н. Әбдібеков |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 тамыздағы №58/05 қаулысына қосымша |
|
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 05/01 қаулысына 3-қосымша |