Теміртау қаласында есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 90/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 желтоқсанда № 4061 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы "Есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 292 бұйрығына сәйкес (нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11017 болып тіркелген) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Теміртау қаласында есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары бір адамға 398 литр/тәулік көлемінде бекітілсін.
      2. "Теміртау қаласында есепке алу аспаптары жок тұтынушылар үшін сумен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 81/05 каулысы жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Әбдібеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады