Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.02.2021 № 34 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қарағанды облысының мәслихаты, ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар тегін берілетін азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша: диагнозы бар азаматтарға дәрілік заттар (рецепт бойынша) беріледі:
"Муковисцидоз" - "Тобрамицин" дәрілік заты;
"Жүйелі склеродермия" - "Метилпреднизолон" дәрілік заты;
"Бехчета ауруы" - "Азатиоприн" дәрілік заты;
"Жүйелі қызыл жегі" - "Белимумаб" дәрілік заты;
"Аяқ артерияларының облитерациялайтын атеросклерозы" - "Ривароксабан" дәрілік заты;
"Жүрекшелердің созылмалы фибрилляциясы (жыпылықтайтын аритмия)" - "Ривароксабан" дәрілік құралы.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 02.07.2020 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың халықты әлеуметтік-мәдени дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.М. Адекенов).
3. Шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы | Г. Прокоп |
Облыстық мәслихат хатшысы |
Р. Әбдікеров |