Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 27.02.2020 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы ХХII сессиясының № 245 "Қарағанды облысының аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2481 тіркелген, 2013 жылғы 31 желтоқсандағы "Индустриальная Караганда" №188 (21521) санында және № 229-230 (21634) санында "Орталық Қазақстан" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 14 қаңтарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 2-2 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:";
2) көрсетілген шешіммен бекітілген, Қарағанды облысының аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Қағидаларының 3, 48 тармақтары келесі редакцияда жазылсын:
"3. Қағидалар Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес әзірленген.";
"48. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексінің 408 бабына сәйкес жауапты болады.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ш.А. Осин) жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Г. Прокоп |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Р. Әбдікеров |