Жезқазған қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 2/21 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 9 маусымда № 3850 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2020 жылғы 22 шілдедегі № 49/423 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 22.07.2020 № 49/423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса берілген Жезқазған қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Х. Бөлен
      Қалалық мәслихаттың хатшысы С. Медебаев

  Жезқазған қалалық мәслихатының
2016 жылғы 11 мамырдағы
№ 2/21 шешімімен бекітілді

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу

      1. Жезқазған қаласында осы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу (әрі қарай - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңының 10 бабына сәйкес әзірленген және Жезқазған қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттейді.

      2. Жезқазған қаласында бейбіт жиналыстар және митингілер өткізу орындары:

      1) Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бульвары, 18 а үйінің бойымен "Интернационалист - жауынгерлер" ескерткіші мен "Сулпак" сауда үйі алдыңдағы алаңы;

      2) Жезқазған қаласы, Пушкин көшесі, 23а үйінің бойымен шағын бақтағы "Азат- жауынгер" ескерткіші алаңы;

      3) Жезқазған қаласы, Сәкен Сейфуллин көшесі, 49 б үйінің бойымен Сәкен Сейфуллин ескерткіші мен "Сарыарқа" мәдени ойын-сауық кешені алдыңдағы алаңы.

      3. Жезқазған қаласында бейбіт шерулер және демонстрациялар өткізу үшін маршруттар:

      1) Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бульвары, 6 үйден басталып, Ғарышкерлер бульвары, 8 үйге дейін;

      2) Жезқазған қаласы, Сәкен Сейфуллин көшесі, 50 үйден басталып, Шевченко көшесі, 30 үйге дейін;

      3) Жезқазған қаласы, Пушкин көшесі, 27 үйден басталып, Пушкин көшесі,17а/1 үйге дейін.

      4. Қала әкімдігі басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақыты, жерiн және маршрутын ұсынады.

      5. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген күннінен кемiнде 10 күн бұрын жазбаша нысанда берiледi.

      6. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген күні көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi қала әкімдігінде тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

      7. Осы тәртіптің 5, 6 тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда өтініш берушіге жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы жауап қайтарылады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның түскен күнiнен бастап есептеледi.

      8. Түсіндіру мазмұнындағы жауапта, ұйымдастырушылар барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды хабардар ету бойынша шаралар қабылдауға жазбаша нұсқалады.

      9. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

      10. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауы керек.

      11. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларға сот әрекет қаблеттілігі жоқ деп таныған тұлғалардың, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі тұлғалардың қатысуына жол бермеуі керек.

      12. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) және басқа да қатысушылар жиналыстарда, митингілерде, шерулерде, пикеттерде, демонстрацияларда жеке басын анықтауға қиындық келтіретін бетперде және басқа да бұйымдарды қолдануға жол берілмейді.

      13. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) және басқа да қатысушылар жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өтетін орында алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды, олардың балама түрлерін және прекурсорларды қолдануға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, біреудің ар-намысына тиетін, транспаранттарды, ұрандарды қолдануға тыйым салынады.

      14. Егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, өткізу кезінде Қазақстан Республикасын заңнамаларында көзделген тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар қала әкімдігі өкілінің талап етуі бойынша тоқтатылуға тиіс.

      15. Қоғамдық тәртіпті, сонымен қатар пикетке қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қала әкімдігі бір күнде, бір уақытта және бір объектіде үшеуден аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат беруі мүмкін.

      16. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар пикетке қатысушылардың қауісіздігі мақсатында түрлі және дар пикетке қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасады.

      17. Пикет өткізу кезінде пикет өткізілетін объектінің алдында тұруға, отыруға, көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға, пикеттің тақрыбы бойынша қысқа ұрандарды айтуға, ұран сөздерді (өз дауысының мүмкіндігімен) жол беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады