Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 13.02.2024 № 15/83 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 13.02.2024 № 15/83 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 2/21 "Жезқазған қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3850 тіркелген, 2016 жылғы 22 маусымдағы "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде, 2016 жылдың 24 маусымдағы № 26 (7986) "Сарыарқа" газетінде, 2016 жылдың 26 маусымдағы №26 (128) "Жезказганский вестник" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Досанов |
Жезқазған қалалық маслихатытың хатшысы | С. Медебаев |
Жезқазған қалалық мәслихатының 2020 жылғы 22 шілдесі № 49/423 Шешімге 1-қосымша |
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары
Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 13.02.2024 № 15/83 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жезқазған қаласында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары төмендегідей айқындалсын:
1) Ғарышкерлер бульвары, 18 а үйінің бойымен "Интернационалист - жауынгерлер" ескерткіші мен "Самади" сауда үйі алдындағы алаң. Шекті толу нормасы - 800 адам;
2) Сәкен Сейфуллин көшесі, 49 б үйінің бойымен Сәкен Сейфуллин ескерткіші мен "Сарыарқа" мәдени ойын – сауық кешені алдындағы алаңы. Шекті толу нормасы-1000 адам.
Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар жарықпен қамтамасыз етілуге тиіс
Жезқазған қаласында шерулер мен демонстрациялардың маршруттары:
Ғарышкерлер бульвары, 6 үйден басталып, Ғарышкерлер бульвары, 18 үйге дейін.
2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланылады:
1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;
2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақөзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
3) қауіпсіздік техникасының санитарлық нормалары мен ережелерін, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды.
Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.
Ескерту. 1-қосымша 3-тармақпен толықтырылды - Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 13.02.2024 № 15/83 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.Жезқазған қалалық мәслихатының 2020 жылғы 22 шілдесі № 49/423 Шешімге 2-қосымша |
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 13.02.2024 № 15/83 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Жезқазған қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары 800 метр қашықтықта:
1) жаппай жерлеу орындарынан;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінен және оларға іргелес жатқан аумақтарынан;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарынан;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарынан;
5) магистральдық теміржол желілерінен, магистральдық құбыржолдарынан, ұлттық электр желісінен, магистральдық байланыс желілерінен және оларға іргелес жатқан аумақтарынан айқындалады.