Жезқазған қаласы азаматарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 3 қазандағы № 28/36 бірлескен қаулысы және Қарағанды облысы Жезқазған қаласы мәслихатының 2016 жылғы 13 қазандағы № 5/57 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 қазанда № 4021 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 19/02 бірлескен қаулысымен және Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 маусымдағы № 36/319 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 07.06.2019 № 19/02 бірлескен қаулысымен және Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 11.06.2019 № 36/319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13 бабына сәйкес Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде, қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру келесі санаттағы Жезқазған қаласының азаматтары үшін белгіленсін:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және мәртебесі 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 6, 8 баптарымен белгіленген соларға теңестiрiлген адамдарға;

      2) бірінші және екінші санаттағы мүгедектер;

      3) зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлер.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 21.08.2017 № 18/04 бірлескен қаулысымен және Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 15.08.2017 № 12/128 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2."Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен қаулы мен шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Қаржыландыру көзі ретінде қалалық бюджет белгіленсін.

      4. Осы бірлескен Жезқазған қаласы әкімдігі қаулысының және Жезқазған қалалық мәслихаты шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары З.Ж. Ақылбековаға және қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Х.Ы. Бөленге жүктелсін.

      5. Осы бірлескен Жезқазған қаласы әкімдігінің қаулысы және Жезқазған қалалық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Жезқазған қаласының әкімі Б. Ахметов
      Сессия төрағасы А. Досанов
      Қалалық
мәслихат хатшысы
С. Медебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады