"Жезқазған қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" бірлескен Жезқазған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 3 қазандағы № 28/36 қаулысы және Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 13 қазандағы № 5/57 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 18/04 бірлескен қаулысы және Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 12/128 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте № 4350 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 19/02 бірлескен қаулысымен және Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 маусымдағы № 36/319 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 07.06.2019 № 19/02 бірлескен қаулысымен және Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 11.06.2019 № 36/319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жезқазған қалалық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Жезқазған қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" бірлескен Жезқазған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 3 қазандағы № 28/36 қаулысына және Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 13 қазандағы № 5/57 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4021 тіркелген, 2016 жылғы 11 қарашадағы № 46 (148) "Жезказганский вестник", 2016 жылғы 11 қарашадағы № 46 (8006), "Сарыарқа" газеттерінде жарияланған, 2016 жылғы 23 қарашадағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және мәртебесі 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 6, 8 баптарымен белгіленген соларға теңестiрiлген адамдарға;".

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласының әкімі Б. Ахметов
      Сессия төрағасы М. Мухамбедин
      Жезқазған қалалық
мәслихатының хатшысы
С. Медебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады