"Қаражал қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 шілдедегі IV сессиясының № 37 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 қыркүйекте № 3948 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 4 маусымдағы № 401 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 04.06.2020 № 401 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30 бабының 4-тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес "Қаражал қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидалары;     

      2) Осы шешмнің 2-қосымшасына сәйкес "Қаражал қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ІV сессияның төрағасы Т. Теміров
      Қалалық мәслихаттың хатшысы З. Оспанова

  Қаражал қалалық мәслихатының
2016 жылғы 28 шілдедегі
№ 37 шешіміне
1-қосымша

"Қаражал қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлікті беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қаражал қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қаражал қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің, (бұдан әрі – мемлекеттік мекемесінің) қызметтік куәліктерді беру тәртібін белгілейді.

      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – Қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

      3. Қызметтік куәлік осы шешіммен бекітілген сипаттамаға сәйкес болуы тиіс.

      4. Тиісінше ресімделмеген, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      5. Қызметтік куәлік мемлекеттік мекеменің қызметшілеріне Қаражал қалалық мәслихатының хатшысының қолы қойылып беріледі.

      6. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, жоғалған немесе бүлінген жағдайда беріледі.

      Қызметкерлер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымша келісілген нысан бойынша "Қаражал қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі – есепке алу журналы).

      7. Қызметтік куәліктер және қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы мемлекеттік мекеменің лауазымдық нұсқаулығы бойынша кадрлық жұмыстарды жүргізетін мемлекеттік қызметшінің (бұдан әрі – кадр қызметшісі) сейфінде сақталады.

      8. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

      Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті кадр кызметшісі қайтарып алады.     

      9. Кадр қызметшісі жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

      10. Қызметтік куәліктерін толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды кадр қызметшісі жүзеге асырады.

      11. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу кадр қызметшісіне жазбаша нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.     

      12. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша кадр қызметшісі қызметтік тергеп-тексеру туралы өкімнің шығуынан кейін, он күнтізбелік күн мерзімінде қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша мемлекеттік мекеменің тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

      13. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы кадр қызметшісі хабардар етіледі. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін кадр қызметшісі береді.

      14. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті кадр қызметшісіне тапсырады.

      Куәлікті тапсырған кезде кету парағына кадр қызметшісінің қолы қойылады.

      15. Қызметкерлер жұмыстан босатылған, не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

  "Қаражал қалалық мәслихат аппараты"
мемлекеттік мекемесінің қызметтік
куәлікті беру қағидаларына қосымша

      Нысан

"Қаражал қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы

Қызметтік куәліктің нөмірі

Тегі, Аты, Жөні (бар болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Берілген күні

Алғаны жөнінде жеке қолы

Қызметтік куәлікті ауыстыруы және тапсырғаны туралы белгі (тағайында
луы, лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы, жоғалуы)

Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)

Ескертпе





























      Ескертпе: Мемлекеттік мекеменің есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және мемлекеттік мекеме басшысының қолымен және мөрімен расталады.

  Қаражал қалалық мәслихатының
2016 жылғы 28 шілдедегі
№ 37 шешіміне
2-қосымша

"Қаражал қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Куәліктің мұқабаларының көлемі 20 см х 7 см (ашып көрсетілген түрінде), көк түсті жасанды былғарыдан болады.

      2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен "КУӘЛІК", "УДОСТОВЕРЕНИЕ" деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

      3. Куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ "ҚАРАЖАЛ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ АППАРАТЫ" ММ, КАРАГАНДИНСКАЯ ОБЛАСТЬ ГУ "АППАРАТ КАРАЖАЛСКОГО ГОРОДСКОГО МАСЛИХАТА" деген жазулар, одан төмен, мәтіннен көгілдір түсті үзік жолақпен бөлектелген "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазулар орналастырылған.

      4. Куәліктің сол жақ бөлігінде: көгілдір түс аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның астында ою-өрнек және Қаражал қалалық мәслихатының хатшысының қолымен расталған қазақ тіліндегі мәтін. Төменгі жағында қазақ тілінде куәліктің берілген күні көрсетіледі.

      5. Куәліктің оң жақ бөлігінде: көлемі 2,5 х 3,5 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), қалалық мәслихат хатшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында орыс тілінде куәліктің берілген күні көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады